Ұлттық құндылықтар – жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудің негізі

15 желтоқсан күні Yessenov University-де «Туризм және тілдер» факультеті мен «Ауыл» ХДПП Маңғыстау облысы бойынша филиалы бірлесе Тәуелсіздік күні аясында «Ұлттық құндылықтар – жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеудің негізі» атты патриоттық іс-шарасын өткізді.

Аталмыш шара барысында педагог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Туризм және тілдер факультеті деканы Ақмарал Отарова «Ұлттық құндылық – ұлт болмысы» тақырыбында, Облыстық маслихат депутаты Аллаберген Қонарбаев «Патриоттық тәрбие – бүгінгі жастар үшін маңызды бағыт» тақырыбында, Yessenov University түлегі, «Жарсуат» ЖШС директоры Ақылдос Үгітов «Адамгершілік – асыл қасиет» тақырыбында, «Ауыл» ХДПП Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы Светлана Дүмбайқызы баяндамаларын оқыды.

Сонымен қатар, Облыстық филармонияның майталман әншісі, ҚР мәдениет қайраткері Жоламан Көшкінов пен «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығының студенттері мен ән шашуын арнады. Шара соңында белсенді студенттер мен дарынды білім алушылар сертификаттармен марапатталды.