Жас басқарушылармен кездесу

21 қараша күні Атриум залында Yessenov University-нің академиялық сұрақтар бойынша вице-президенті Қайырбек Макуловпен «Жас басқарушылар» мектебінің жас мамандарының TED форматында кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – өңірдегі жас мамандармен тәжірибе алмасу және университет басшылығының осы деңгейге қалай жеткені туралы айтып жас мамандарды одан әрі ынталандыру, сонымен қатар Yessenov University-нің жетістіктеріне тоқталу.

Кездесуге жиналған мектеп оқушыларының қойған әртүрлі сұрақтарына Вице-президент тұшымды жауап берді.