Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2023-2025 жылдарға арналған “Жас ғалым” жобасы бойынша жас постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс жариялады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы –2022 жылғы 3 қазаннан бастап.
Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 31 қазан (қоса алғанда).
Жас ғалымдар ғылымды дамытудың төмендегі 10 басым бағыттары бойынша (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) конкурстық құжаттамаға сай өтінімдер бере алады:
Су ресурстарын, жануарлар және өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану, экология;
Геология, минералды және көмірсутек шикізатын қайта өңдеу және байыту, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар және конструкциялар;
Энергетика және машина жасау;
Ақпараттық, коммуникациялық және космостық технологиялар;
Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
Өмір және денсаулық туралы ғылым;
Білім беру және ғылым саласындағы зерттеулер;
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты түрде дамыту және ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі;
Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамардандырылған ғылыми бағыттар!
Постдокторантқа қойылатын басты талап:
жасы 40 жастан аспайтын (өтінім беру сәтінде қоса алғанда);
философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор немесе ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) болуы не докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген адам болуы.
докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген тұлға жобаны іске асыруға шарт жасалған күннен бастап 12 ай ішінде қорғауға міндетті.
соңғы 12 ай ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға толық және одан да көп ставкаға тартылған ғылыми жетекші немесе зерттеу тобының мүшесі болып табылмау қажет (өтінім беру сәтінде);
жобаны іске асыру барысында постдокторант жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ECTS бойынша оқу жүктемесінің жиынтық көлемі кемінде 3 кредиттің (әр семестрде) бір немесе бірнеше пәндерін оқытуға тиіс. @gylym_jogarybilim @yessenovuniversity