Ұстаздар күні

Yessenov Univeristy-де ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 

Шара барысында Yessenov University Президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов ұстаздарға өз алғысын айтып, университеттің бірқатар профессор-оқытушылар құрамы және қызметкерлерін құрмет грамоталарымен және Есенов медалімен марапаттады.

Университетіміздің өнерлі студенттері де ұстаздарға өз ықыластарын білдіріп, салтанатты шараны концерттік бағдарламаға жалғастырды.