Жас ғалым

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 2023-2025 жылдарға арналған “Жас ғалым” жобасы бойынша жас постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс жариялады. 

Өтінімдерді қабылдаудың басталуы –2022 жылғы 3 қазаннан бастап.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 31 қазан (қоса алғанда).

Жас ғалымдар ғылымды дамытудың төмендегі 10 басым бағыттары бойынша (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) конкурстық құжаттамаға сай өтінімдер бере алады:

🔺Су ресурстарын, жануарлар және өсімдіктер әлемін тиімді пайдалану, экология;

🔺Геология, минералды және көмірсутек шикізатын қайта өңдеу және байыту, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар және конструкциялар;

🔺Энергетика және машина жасау;

🔺Ақпараттық, коммуникациялық және космостық технологиялар;

🔺Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

🔺Өмір және денсаулық туралы ғылым;

🔺Білім беру және ғылым саласындағы зерттеулер;

🔺Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

🔺Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты түрде дамыту және ауыл шаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі;

🔺Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамардандырылған ғылыми бағыттар!

Постдокторантқа қойылатын басты талап:

🔺жасы 40 жастан аспайтын (өтінім беру сәтінде қоса алғанда);

🔺философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор немесе ғылыми дәрежесі (ғылым докторы/кандидаты) болуы не докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген адам болуы.

🔺докторантура бағдарламасының толық курсын бітірген тұлға жобаны іске асыруға шарт жасалған күннен бастап 12 ай ішінде қорғауға міндетті. 

🔺соңғы 12 ай ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға толық және одан да көп ставкаға тартылған ғылыми жетекші немесе зерттеу тобының мүшесі болып табылмау қажет (өтінім беру сәтінде);

🔺жобаны іске асыру барысында постдокторант жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында ECTS бойынша оқу жүктемесінің жиынтық көлемі кемінде 3 кредиттің (әр семестрде) бір немесе бірнеше пәндерін оқытуға тиіс. @gylym_jogarybilim @yessenovuniversity