Жаңа жылыңызбен!

Құрметті Отандастар! Қадірменді ұстаздар, студенттер!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен  шын жүректен құттықтаймыз! Құшағын айқара ашқалы тұрған 2022 жыл – қазақтың жыл санауы бойынша Барыс жылы. Сондықтан әрбіріңіз  өжет барыс секілді тек алға қадам жасап, дамып, өсе берулеріңіз керек. Барыс жылы баршаңызға табысты, берекелі жыл болсын!  

Ең бастысы – дастархан басында ең жақын адамдар мен туған-туыстың ортасында мерекені керемет көңіл-күймен қарсы алуларыңызды және отбасыларыңыздан ынтымақ, береке кетпесін деп тілейміз!