Дәріс аудиторияларының ашылуы

3 желтоқсан күні Yessenov University 24-шағын ауданда орналасқан Инжиниринг факультетінің ғимаратында университетіміздің қалыптасуына, дамуына еңбек сіңірген, әр жылдарда басқарған ректорлар: Кеңесбай Табылдиев, Есберген Божанов, Әшімжан Ахметовтердің атын мәңгі есте қалдыру мақсатында 45 жылдық мерейтойға орай дәріс аудиториялары ашылды. 

Ашылу салтанатына Yessenov Forum қатысушыларымен қатар, аталмыш тұлғалардың туған-туыстары қатысты.