Жатаханадағы студенттерге азық-түлік тарату

Yessenov University жатақханада қалған студенттерді азық-түлікпен қамтамасыз етті

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты жатақханада әр түрлі себептермен қалған студенттерге Yessenov University тарапынан азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар жеткізілді.

Қазіргі уақытта студенттер қысқы демалыста. Алайда университетіміздің 3 жатақханасында 63 студент қалып қойған. Олардың кейбірі шетелдік Өзбекстан, Түркменстан, Нигерия елдерінен келген, кейбірі шалғай аймақтарда блок-бекеттердің жабық болуына орай үйлеріне қайта алмай қалған студенттер.

Айта кету керек, университет студенттері ешбір арандатушыларға еріп, тәртіпсіздікке барған жоқ. Жастарымызға тек сенімді ақпарат көздеріне сеніп, ақпараттық қауіпсіздікті сақтауға шақырамыз. Жастар – ел болашағы, бір үйдің үкілеген үміті. Сондықтан бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтайық.