Зардап шеккен отбасыларға 5 білім гранты

Yessenov University Абай облысында орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына 5 білім грантын бөледі
 
Тілсіз жаумен күресіп, орманды қорғау – отанды қорғаудан кем емес ерлік. Сын сағатында қауіп-қатерге қарамай, қаһармандық көрсеткен азаматтарымыздың рухы алдында басымызды иеміз.
Қазаның артының қайырын тілейміз. Мұндай қайғылы жағдай енді қайталанбағай.