Yessenov University студенттері Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасында 3 – орынды иеленді

19-20 сәуір аралығында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті.

Кафедра доценті Замира Айджанованың жетекшілігімен Yessenov University «Жарқын Болашақ» командасының 2-курс студенттері Қазақстанның жоғары оқу орындарынан қатысқан 18 команданың арасында 3-дәрежелі жүлделі орынды иеленді.