Награды

Category

«Болашақққа бағдар: рухани жаңғыру» өңірлік бағдарламаны іске асыру мақсатында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған  университет студенттері арасында үстел теннисінен «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының ұйымдастырумен  жарыс өтті. Жарысқа университетіміздің барлық факультеттерінен 30-ға жуық студенттер қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша төмендегідей орындар белгілі болды: Қыздар арасында: 1-орын Өсербаева Жазира, ФКС-16-1 2-орын Оңдабаева Динара, ФКС-15-1...
Read More
28 сәуір күні «Экономика және құқық» факультетінде «Менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Заңды білу қазіргі заман талабы» атты интеллектуалдық ойыны өтті. Аталған интеллектуалдық ойынға факультет студенттері арасынан әр мамандықтан қатысып, жарысқа түсті. Ойын үш кезеңнен тұрды: 1 – Қазақстан Республикасының Конституциясы, 2 – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы, 3 – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет...
Read More
26 сәуір күні Yessenov University-де Әзірбайжан Республикасының мәдениет күндері апталығының жабылу салтанаты өтті. Апталық барысында білім алушылар Әзірбайжан елінің тарихы мен мәдениетіне арналған фотокөрмемен танысып, тарихи фильмдер көрді және викториналық сұрақтар конкурсы өтті. Жабылу салтанатында Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасының Бас консулы Зейналов Эльхан шараны өткізуге атсалысқан университет басшылығы мен студенттер қауымына зор алғысын білдірді. Сонымен қатар...
Read More
21 – 22 сәуір аралығында Атырау қаласында екінші Халықаралық «Atyrau International Petroleum Olympiads» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан және Ресейдің 8 жоғары оқу орнынан 40 студент қатысты. Олар арнайы тренажер-имитататорларда зертханалық жұмыстарды орындай отырып, әртүрлі күрделі теориялық тапсырмаларды орындады. Қатысушылардың білімін TCO, NCOC, Schlumberger және басқа ірі компаниялардың жетекші мамандары бағалады.  Бұл  олимпиадаға университетіміздің «Мұнай және газ»...
Read More
19-20 сәуір аралығында Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Х Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Кафедра доценті Замира Айджанованың жетекшілігімен Yessenov University «Жарқын Болашақ» командасының 2-курс студенттері Қазақстанның жоғары оқу орындарынан қатысқан 18 команданың арасында 3-дәрежелі жүлделі орынды иеленді.
Read More
Ағымдағы жылдың сәуір айында  Астана қаласының 20 – жылдығы, Ақтау қаласының 55 – жылдық мерейтойына және Университет күніне орай «Yessenov Fest» фестивалі аясында өнер байқауы ұйымдастырылды. «Yessenov Fest» өнер байқауы университет студенттерінің рухани мәдениеті мен шығармашылығын дамыту, жас таланттарды айқындау және қолдау мақсатында факультет командалары арасында өткізілді. «Yessenov Fest» өнер байқауын университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі...
Read More
12-13 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Қазақ Бас Сәулет- Құрылыс Академиясында Қазақстанның барлық  жоғары оқу орындарынан 27 команда қатысқан Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Yessenov University атынан «Құрылыс» мамандығының 3 – курс студенттері Джума  Сайда,  Қалдыбай Аблайхан және Шамшеденов  Нұрбек   қатысып, жоғары білімі мен біліктілігін көрсетті. Олимпиада қортындысы бойынша Джума  Сайда және  Қалдыбай Аблайхан  3 –...
Read More
13-14 сәуір күндері Астана қаласының 20жылдығына, Ақтау қаласының 55 жылдығына және университет күніне арналған «Yessenov Fest» студенттер фестивалі өтті. Каспий теңізінің жағалауында, ашық ауада өткен фестивалде екі мыңнан астам қатысушылар мен көрермендер жиналды. Фестивальдің мақсаты – жастардың патриоттық сезімін қалыптастыру, жастардың рухани және моральдық, мәдени, шығармашылық дамуына үлес қосу және олардың қоғамдық сана-сезімін жаңғырту. «Yessenov...
Read More
12 сәуірі күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ғылым қызметкерлері күніне орай, Yessenov university-де «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен ғалым Серікбол Қондыбайдың  50 жылдық мерейтойына арналған «Серікбол Қондыбай зерттеулері: жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар контексінде» атты облыстық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференцияға өлкетанушы-ғалымдар, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және студенттер қатысты. Конференцияны Yessenov university-нің ғылыми жұмыстар және интернациаландыру проректорының міндетін атқарушысы...
Read More
6 сәуір күні «Мұнай газ ісі және Геология» кафедрасының ұстаздар құрамы мен студенттері «Геологтар күнін»  атап өтті. Мерекелік шараға өңіріміздің ардагер геологтары мен «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша университетіміздің түлектері, Ақтау қаласының  № 16 орта мектебінің 11-сынып оқушылары  шақыртылды.  Арнайы шақырылған қонақтар сөз сөйлеп, құттықтап, жастарға өздерінің еңбек жолы туралы әңгімеледі....
Read More
1 2

Recent Comments