Yessenov University NCOC-пен даму көкжиегінде!

28 қараша күні Yessenov University-де дәстүрлі NCOC компаниясының «Жайық-Каспий Орхус» орталығымен бірге «Тұрақты даму» есебі бойынша кезекті отырысы өткізілді.

NCOC компаниясы әркез халықтың әлеуетіне, тұрақты даму процесінде 30 жылға жуықтай уақыт айтарлықтай қолтаңбасы бар алып мекеме. Бұл атышулы мекеменің ел дамуындағы өзіндік рөлі әрқашан маңызды.
NCOC Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында зор ықпал етуші компанияның бірі.

Yessenov University мен NCOC компаниясы Каспий теңізін және суды тұщыландыруды зерттеу мәселелері бойынша біршама жылдардан бері ғалымдарымызбен бірлесе қызмет атқаруда.

NCOC компаниясының демеушілігімен университет базасында техникалық бағыттағы мамандарға арналған зертханалық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алынды, жаңа аудиториялар ашылды.

Кеңес барысында өткен жылдың өндірістік-экономикалық, экологиялық және әлеуметтік қызметтің көрсеткіштері талданды, жұртшылықпен белсенді диалог жүргізілді, қызметтің қорытындылары шығарылды.
Сонымен қатар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары, экономикалық дамудың алғышарттары келтірілді.

Аймақтың жас экологтары да назардан тыс қалмай, суды тазарту жүйесі, тазартылған суды айналымға енгізу жолдары туралы маңызды сұрақтар қойды.