«AMANAT TECH» Республикалық хакатонында жүлделі II орын

27-28 қараша күндері Астана қаласында «AMANAT TECH» атты Республикалық хакатон өтті.

Хакатонға 200 команда қатысып, тек 20 команда іріктеуден өтті.
Осы 20 команданың қатарына Yessenov University «Ғылым және технологиялар» факультетінің студенттері Азимгереев Әділ, Тажигали Аман, Кеңес Бақдәулет, Сансызбай Ырысжан, Асанұлы Аманжаннан құралған “AntiTox” командасы қатысып, жүлделі II орынға ие болды!

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз! Студенттерімізге болашақта зор табыс пен жеңістер тілейміз!