Yessenov University еріктілері

30 қараша күні Yessenov University-де Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Әзілханов Марат Алмасұлы, университет басшылығы, ҮЕҰ, ЭКҰ, ПОҚ және студенттердің қатысуымен тәрбиелік мәні зор арнайы презентация өтті. 

Шара басында келген қонақтарға «Қоғамға қызмет ету» пәні бойынша студенттер  жасаған жобалардың көрмесі таныстырылды. Одан кейін іс-шараның арнайы қонағы М. Әзілханов «Қоғамға қызмет» оқу пәні туралы жағымды пікірімен бөлісіп, студенттерге, жиналған азаматтарға жылы лебізін білдірді.