Жұмыс берушілермен кездесу

Түлектерді жұмыспен қамтудың тиімді жолдарын айқындау және пікір алмасу мақсатында  30.11.2022 ж. «Инжиниринг» факультетінде дөңгелек үстел өткізілді. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан темір жолы-жүк тасымалы» АҚ филиалы, «Ақтау теңіз сауда порты» АҚ, «Құрық порты» ЖШС ұйымдар өкілдері қатысты.

Қатысушылар дөңгелек үстел барысында жұмыс беруші ұйымдардың мақсат-міндеттерімен, сонымен қатар алдыңғы 5 жылдыққа қойылған жоспарларымен де танысты. Жұмысқа орналасу, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнату, жұмысқа тұрудың кәсіби талаптары, сұранысқа ие мамандықтар, т.б. тақырыптарда өзекті сұрақтар қойылып, көкейтесті мәселелер талқыланды.