Yessenov University түлектерінің білім беру бағдарламаларына сәйкес жұмысқа орналасуына көмек көрсету мақсатында «Мансап күні» атты Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде Маңғыстау өңіріндегі мемлекеттік мекемелер және беделді кәсіпорындар түлектерге 140-тан астам бос жұмыс орындарын ұсынды.
Ашылу салтанатында Yessenov University академиялық жұмыс жөніндегі вице-президенті Макулов Қайырбек Қалданбекович пен ҚР Мемлекеттік қызмет істер департаменті басшысының орынбасары Мендалиев Ерлеген Жәрдемұлы сөз сөйледі.
Биыл Yessenov University бакалавр бойынша 1516, магистратура бойынша 186, докторантура бойынша 6 түлек бітіреді. Болашақ мамандардың жұмысқа табысты орналасуына жәрдемдесу – университет үшін басты міндеттердің бірі. Осыған байланысты жыл сайын дәстүрлі түрде Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.