Yessenov University-де ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Осыған орай Yessenov University қабырғасында Абай атындағы 250 орындық оқу дәрісханасының ашылуы өтті. Өңір басшысы С. Ө. Тұрымов университет студенттері мен оқытушыларын айтулы оқиғамен құттықтады.
«Шырайлы Шығыс Қазақстан өңірінен бастау алған ұлық мереке киелі Маңғыстау жерінде жалғасып жатыр. Облыс орталығы Ақтау қаласында хакім Абайдың еңселі ескерткіші бой көтерген. Бүгін міне ордалы Есенов атындағы жоғарғы оқу орнының қабырғасында ұлы ақынның оқу бөлмесі ашылып отыр. Бүгінгі буын Абай мұрасынан нәр алып, рухани кемелденуі қажет. Мына оқу залы жас ұрпаққа тағылымды ой салуға тиіс»-деді облыс әкімі.