Білім сапасын арттырудың негізгі өзегі аккредиттеу процедурасы болып табылады.
Осыған орай Yessenov University 10 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден сәтті өткенін хабарлаймыз!
Аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты (ACQUIN, Германия) аккредиттеу процедуралары «Еуропалық жоғары білім беру кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына» (ESG) толықтай сәйкес келеді.
Аккредитеу процедурасына сәйкес Есенов университетімізге сәуір айының 8-і күні 13 халықаралық және отандық сарапшылар тобы келді. Сарапшылар тобы 2 кластер, яғни 10 техникалық білім беру бағдарламасы бойынша сараптама жүргізген болатын.
Олар:
6B07111 Көлік, көлік техникасы және технологиялары;
6B07106 Электроэнергетика;
6B11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі;
6B06103 Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету;
6B07307 Кадастр;
6B07109 Машина жасау;
7M07109 Машина жасау;
6B07210 Мұнай-газ инжинирингі;
7M07210 Мұнай-газ ісі;
8D07208 Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау.
Халықаралық және отандық сарапшылар тобы Yessenov University басшылығымен, оқу ғимаратымен, оқытушы-профессорлар құрамымен, білім алушылармен, жұмыс берушілермен және бітірушілермен кездесті. Сондай-ақ, олар университеттің инженерлік бейіндегі зертханалары мен білім алушылардың практика базаларында болып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының мән-жайымен танысты.
Қортындылай келе, сарапшылар тобы 10 білім беру бағдарламасы барлық стандарттар бойынша оң шешім көрсеткенін айта отырып, мамандандырылған аккредиттеуден шартсыз түрде өткенін айтты.