Адмирал Ушаков атындағы МТУ-мен ынтымақтастық туралы Меморандум

Yessenov University және адмирал Ф. Ф. Ушаков атындағы Мемлекеттік Теңіз университеті теңіз мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою Ушаков атындағы МТУ қабырғасында аталмыш университеттің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Сергей Кондратьев және университет проректорлары, техника ғылымдарының докторы, Yessenov University Теңіз академиясының профессоры Жолдыбай Жұмаев пен YU Теңіз академиясының аға оқытушысы Константин Маловтың қатысуымен салтанатты түрде өтті.

Кездесу барысында екі университеттің өзара ынтымақтастығының маңыздылығы аталып, қос дипломды білім, ғылым және академиялық ұтқырлық бағдарламасы мәселелері қозғалды.