Вильнюс университетінің профессоры Rimantas Želvys Yessenov University-де

Yessenov University-не Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына шетелдік сарапшыларды тарту бағдарламасы шеңберінде Вильнюс университетінің философия факультетінің Педагогика ғылымдары институтының профессоры Rimantas Želvys (Литва) келді.
 
Шақырылған ғалым университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін «Халықаралық білім беру саласындағы зерттеу қызметінің рөлі мен маңызы» тақырыбында семинар өткізеді.
 
Профессор Rimantas Želvys 1 ай бойы білім алушыларға Педагогика және психология саласындағы өзекті тақырыптарды ашып, бірқатар дәрістер мен семинарлар өткізеді. Семинарлар біздің білім беру үдерісімізде жаңа идеяларды іс жүзінде қолдануға бағытталатын болады. Сапардың маңызды бөлігі Есенов университетінің профессорларымен және жас ғалымдарымен бірлескен зерттеу жобалары болып табылады.
 
Профессор Rimantas Želvys «Жоғары білім сапасы», «Педагогика», «Әлеуметтік ғылымдар», «Білім беру психологиясы» журналдарының редакциялық алқалары мен кеңестерінің мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, ол Вильнюс университетіндегі білім беру саясаты Орталығын басқарады.
 
Профессор Rimantas Želvys Дүниежүзілік банк қаржыландыратын Еуропалық ғылыми және білім беру жобалары мен жобаларын жүзеге асыруда үлкен тәжірибеге ие.