UI GreenMetric-2023 жаһандық рейтингі

Университет кампусы мен қоршаған ортаның сапасын бағалауға бағытталған UI GreenMetric-2023 жаһандық рейтингінің нәтижелері бойынша Yessenov University 6315 ұпай жинап, әлемдегі 1183 университет арасында 521 орынға ие болды, бұл Қазақстанның 18 университетінің ішінде 5-ші орынға сәйкес келеді.

Нәтижелер университеттер онлайн берген ақпарат негізінде есептеледі. Биылғы жылы ақпарат алты негізгі санат бойынша ұйымдастырылған: Жасыл индикаторлар (15%), Энергетика және климаттың өзгеруі (21%), Қалдықтарды басқару (18%), Суды пайдалану (10%), Көлік (18%) және Білім (18%).