Ғылым, білім, инновация: өзекті мәселелері мен болашағы

5 желтоқсан күні Yessenov University-нің Атриум залында «Ғылым, білім, инновация: өзекті мәселелері мен болашағы» тақырыбындағы студенттер, магистранттар және оқытушылардың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Халықаралық конференцияны Yessenov University-нің Даму жəне зерттеу жөніндегі вице-президенті Асқар Әбиұлы Сейдалиев ашып, жүргізіп отырды.

Экология, туризм және Маңғыстау жағдайындағы раушандар сұрыптарын өсірудің маңызы, Әмудария және Арал өзен-көлдерінің экологиялық мәселері тақырыбында шетелдік және қазақстандық ғалымдарымыз баяндама жасады.