TED TALKS атты ашық диалог өтті

12 желтоқсан күні Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінің ұйымдастыруымен «Әлеуметтік кәсіпкерлік» TED Talks форматында ашық диалог алаңы өтті.

Шараның мақсаты – өңірдегі және шетелде әлеуметтік кәсіпкерліктің мақсатын талқылап, даму және қалыптасу деңгейін анықтау.

Алаңда жоба авторларының бірі, «Бизнес және құқық» факультетінің Экономика PhD докторанты Фатима Давитбайқызы «Әлеуметтік кәсіпкерлік» жобасының миссиясы мен жоспарын таныстырды.

«Бизнес және құқық» факультетінің деканы Р.К.Абилшеева сөз сөйлеп, спикерлерге сәттілік тіледі.

Әлеуметтік шарада TED Taks форматында ашық диалог алаңында Сансызбаев Пікір, Ахметова Жибек және Sheku Ahmed Fofanah өз тақырыптарында сөз қозғады. 

Жиын соңында шара қатысушылары спикерлермен өзара пікір алмасты.