Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі

15 желтоқсан күні Yessenov University-де «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді Yessenov University Президенті Берік Бақытжанұлы Ахметов алғы сөзбен ашып, баяндамашыларға сөз берді.

«Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының доценті Шайхаденов Ренат Нұрлыбекұлы «Қазақстанның тәуелсіздігі және конституциялық реформалар» және «Туризм және тілдер» факультеті «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Керимов Бауыржан «Тәуелсіздік және Алаш идеясы» атты баяндамаларын оқыды.

Қазақ филологиясы кафедрасының профессоры Нұрдәулетова Бибайша Илиясқызы желтоқсан оқиғасы жайындағы бастан кешкен оқиғалары және естеліктерімен бөлісіп, желтоқсан оқиғасының туындау себептері мен саяси маңызын түсіндірді.

Дөңгелек үстел соңында «Дәстүрлі өнер» мамандығының 1 курс студенті Маратов Жомарт Айдайдың жеті қайғысының бірі Тастемір атамыздың жазған «Маңғыстау» әнін орындады.