Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасы 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн аясында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты тақырыпта брейн-ринг өткізді. Кафедраның аға оқытушысы Г.Ж.Кобегеновамен ұйымдастырылған сайысқа «6В04201-Құқықтану», «6В04203-Құқық қорғау органдары», «6В04202-ITқұқық» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері қатысып, өз білімдірен сынады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталып жүргізіліп жатқан ортақ саясаттың маңыздылығы мен қатар сыбайлас жемқорлықтың өзекті мәселелерін түсіндіру.