YESSENOV STARTUP MARAPHON-2022 HANDMADE САУДА ЖӘРМЕҢКЕСІ

«Бизнес және құқық» факультетінің Каспий кәсіпкерлік орталығы «Экономика» кафедрасының «Кәсіпкерлік»пәні аясында стартап жобалар марафонының қорытынды кезеңін өткізді.

 

– Жастарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынталандыратын қолайлы жағдайлар жасау жалпы мемлекеттік, өңірлік деңгейдегі түрлі бағдарламаларда, сондай-ақ біздің Есенов университетінің Каспий кәсіпкерлік орталығы және «Кәсіпкерлік» пәні арқылы қарастырылады-деп атап өтті «Бизнес және құқық» факультетінің деканы Айжан Омарова.

 

3 айда осы пәнді 373 студент оқыды және марафонға қатысуға 68 өтінім түсті. Олардың ішінен тек 16 жоба үздік деп танылып, финалға жолдама алған.  Қонақ дәрістер кезінде кәсіпкерлік саласындағы тәжірибелерімен бөліскен шақырылған бизнес-спикерлер студенттік бизнес жобалардың оң даму динамикасын атап өткен болатын.  

 

Сондай-ақ, іс-шара аясында Ғылыми кеңес бекіткен университеттің Есенов инновациялық жобалары мен идеялары байқауының жобалары бойынша питчинг өтті. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының (қаржылық-кредиттік қолдау бөлімінің басшысы Нұрғали Буханов), “Атамекен” кәсіпкерлер Палатасының (қаржылық емес көмек бөлімінің басшысы Роллан Менеев) құзыретті қазылар алқасы, университеттің бас бухгалтері Гүлжан Досымбекова, Ақтау қаласының Қалалық Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы және “Қазэнергоконсалтинг” компаниясының директоры Бауыржан Сарыев 9 студенттік жобаны бағалап, олар 1 000 000 теңгеге лайық екендігін атап өтті.

 

“Әр оқу семестрінің соңында біз жастардың кәсіпкерлік белсенділігін дамыту және оларды өз бизнес жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысуға ынталандыру мақсатында стартап жобалардың жәрмеңке-көрмесін ұйымдастырамыз. Әр жолы қатысушылар көбейіп, өз ісін ашуға қызығушылық пайда болады”, – деп қорытындылады Каспий кәсіпкерлік орталығының меңгерушісі Лаура Асырова.

 

Іс-шараның барлық қатысушыларына сертификаттар, брендтік блокноттар және Казэнергоконсалтинг компаниясынан арнайы сыйлық табыс етілді.