Ш.Еенов университетінің Халықаралық офис басшылығы Халықаралық ұтқырлық және отандық ұтқырлық бойынша кеңес беру сағатын өткізді

24 қаңтар 2024 жылы Туризм және тілдер факультеті Халықаралық қатынастар кафедрасының Туризм, Мейрамхана ісі жіне қонақүй бизнесі, Халықаралық қатынастар, Каспий маңы елдерінің халықаралық қатынастары мамандықтарының студенттеріне Ш.Еенов университетінің Халықаралық офис басшылығы Халықаралық ұтқырлық және отандық ұтқырлық бойынша кеңес беру сағатын өткізді. Халықаралық офис басшысы Досумбаева.А және қызметкері Балтабай.А студенттердің көкейіндегі сұрақтарға жауап беріп өз кеңестерін де ұсынды. Сонымен қатар семинар барысында қазіргі таңда сырқы ұтқырлық бойынша Венгрияда білім алып жатқан Каспий маңы елдерінің халықаралық қатынастары мамандығының 2-курс студенті Елубаева Алинамен онлайн байланыс орнатылып ұтқырлыққа қатысты сұрақтарға жауап алынды. Семинар уақытында келе алмаған студенттер онлайн байланыста болып сұрақтарына толық ақпарат алды.