ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Yessenov University-ге келді

20 желтоқсан күні ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки жұмыс сапары аясында Yessenov University-ге келді.

Университеттің бас ғимаратында кампус-тур ұйымдастырылып, вице-министрге YU қысқы емтихан сессиясының барысы көрсетілді.

Сондай-ақ, қонағымыз Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының қызметімен, құрылымымен және дамуының басым бағыттарымен танысты.

Сапар барысында Дархан Жұмақанұлы Маңғыстау облысының тұрғындарымен өңірдегі ғылым мен жоғары білімді дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Вице-министр биылғы білім беру саласындағы қорытындыларға егжей-тегжейлі тоқталып, негізгі жетістіктер мен нәтижелерге шолу жасады.

Өңір тұрғындары Дархан Жұмақанұлына жастарды ғылымға тарту, өңірдің жас ғалымдарын қолдау және өңірлік университеттер үшін мемлекеттік гранттар санының көбейту және т.б. өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойды.

Вице-министр жауабында ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсын өткізу, жас ғалымдарға арналған ипотекалық бағдарламаны іске қосу мәліметтерімен бөлісіп, мамандардың алдағы қажеттілігі туралы Атлас бойынша мемлекеттік гранттарды жоспарлау туралы айтты.

Іс-шара соңында Дархан Ахмед-Заки облыс азаматтарын жеке қабылдап, оларға жоғары білім мен ғылым мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік берді.