Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек XII жазғы Универсиаданың бокстан жарысын тамашалауға келді

Бокстан ерлер арасында Универсиада жарыстарына 17 жоғары оқу орны қатысады.
 
Естеріңізге сала кетейік, Универсиада 24 мамыр – 23 маусым аралығында Ақтау қаласында 17 спорт түрінен өтуде: жүзу, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жеңіл атлетика, футзал, каратэ-до, баскетбол 3*3, бадминтон, волейбол, таэквандо, еркін күрес, дзюдо, грек-рим, қазақ күресі, әйелдер күресі, бокс. Мұнда 272 алтын, 272 күміс, 396 қола, 96 кубок, 1036 диплом сарапқа салынады.