Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының алғашқы студенттерімен кездесу

Білім күнінің аясында Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының алғашқы студенттермен кездесу өтті.

Қатарының алды болып, емтиханнан жоғары балл жинап, арнайы сынақтардан сүрінбей өткен бұл студенттер – жаңа институттың алғашқы қарлығаштары.
«Логистика» мамандығы мен «Энергетикалық және экологиялық инжиниринг» мамандығы бойынша ашылған екі топ түгел жиналды.

Оларды құттықтап, сәттілік тілеү үшін Қазақстан-Германия университетінің президенті Волрад Роммель және Svevind Energy GmbH компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің коммуникация бөлімінің басшысы Николай Путилин арнайы келіп қатысты.
Кездесуде институттың ашылу тарихы баяндалып, мақсат-міндеттері таныстырылды. Студенттерге бағыт-бағдар берілді.