PICASP ERASMUS+ жобасы аясында еліміздегі үйлнстіруші UIB университеті өкілдерімен дөңгелек үстел

     2022 жылғы 21 маусымда ERASMUS+ бағдарламасы аясында «Университеттер мен кәсіпорындар ынтымақтастығы негізінде Каспий аймағын дамытуға арналған практикалық бизнес бойынша пилоттық курстар» жобасы бойынша еліміздегі үйлестіруші UIB университеті өкілдері профессор Меруерт Наренова мен Ғалия Сихимбаева Ш. Есенова атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне келді. Университетте дөңгелек үстел ұйымдастырылды, UIB университетінің профессоры М. Наренова “PICASP практикалық тәсілін әзірлеу” тақырыбында баяндады.

     Сондай-ақ, 2022 жылғы 22 сәуірде Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіне Италиядан келген профессор Massimo Bianchi мырза мен Gabriella Paganelli ханым келді.  Дөңгелек үстел өткізілді, сондай-ақ профессор Massimo Bianchi: «The Start- up of Courses in PE»”, сондай-ақ профессор Gabriella Paganelli «Decisions to be made before starting a partnership in Practice Enterprise» тақырыбында баяндама оқыды. Қонақтар үшін кампус туры және Маңғыстаудың көрікті жерлеріне, мысалы, Бозжыра шатқалына және Бекет-Ата жерасты мешітіне экскурсия ұйымдастырылды.