Мухеттин Шимшектің 20 томдық еңбегінің тұсаукесері

19 ақпан күні Yessenov University-ге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы, профессор Мухеттин Шимшек жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Мухеттин мырза жаңадан ашылған Түрік тілі кабинетіне барып, университет студенттерімен кездесті.

Одан әрі құрметті профессор Мухеттин Шимшектің «Түрік әдебиетіндегі атаулар сөздігі» атты 20 томдық еңбегінің салтанатты тұсаукесері өтті.

Аталмыш кітаптың тұсаукесер рәсімі Түркия елінің Ақтау қаласындағы Бас консулы арнайы қатысты. Жиында атақты ғалымдар баяндама жасап, арнайы келген мейманға алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

20 томдық еңбекте Анадолы Селжұқтарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өз дәуірінің аса көрнекті жазушылардың, ақындар мен шайырлардың өмірбаяндары ұсынылған.