Марат Абзалмен TEDx форматында кездесу

7 ақпан күні Yessenov University студент жастарымен “AMANAT” партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Марат Абзалмен TEDx форматындағы кездесуі өтті.

Кездесу барысында спикер студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін бойларында адалдық, парасаттылық, ізгілік іспеттес қасиеттердің болуы туралы сүбелі әңгімесін айтып, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер – нашақорлық пен құмар ойындарына еліктемей болашағы жарқын, жолдары ашық, рухты жастар болуы үшін ақыл-кеңесімен бөлісті.