Магистратураға түсуге кешенді тестілеу

Spread the love
👨🏻‍🎓👩🏻‍🎓Құрметті магистратураға түсушілер!
 
💻2021 жылғы 1-15 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу жүргізіледі.
 
📍Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.
 
‼️Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 2️⃣6️⃣ қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
 ✅КТ-ның шекті балдары келесідей:
🔻Ғылыми-педагогикалық  магистратура – 7️⃣5️⃣ балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).
🔻Бейінді магистратура- 5️⃣0️⃣ балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).
 
      ✅Оның ішінде екі бағыт бойынша: 
✔️Шет тілі- кемінде 25 балл;
✔️ОДАТ- кемінде 7 балл;
✔️БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).
 
❗❗❗️ЕСКЕРТУ: 
 
❌2021 жылы Ережелерді бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген талапкерлер, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар қайта кешенді тестілеуге қатыса алмайды.
📌2021 жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.
 
💰КТ-ға қатысу құны 14 693 теңгені құрайды.
✊Барлығыңызға сәттілік тілейміз!