Dr. İDris Kabalci

1 қараша күні Yessenov University Президенті Берік Ахметов Visiting Professor бағдарламасы аясында Түркияның Uşak University-ден арнайы шақыртылған физик,  профессор  Dr.  İDris Kabalci-ді қабылдады.  

 

Түркиялық профессордың білімі мен дағдыларын тиімді пайдалану мақсатында «Талшықты-оптикалық желі», «Нанотехнологиялар және оларды материалдарға қолдану» бағытында университет ғалымдарымен бірлесе ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланды. 

 

Сонымен қатар,  профессор-оқытушылар құрамына да біліктілікті арттыру мақсатында және «Ғылым және технологиялар» факультеті, «Компьютерлік ғылымдар» және «Іргелі ғылымдар» кафедрасынын бакалавр және магистратура бағыты бойынша білім алушыларына дәріс оқу, магистрлік диссертацияларына кеңес беру туралы талқыланды. 

 

Профессор  Dr.  İdris Kabalci университетте 3 желтоқсанға дейін болады. Осы уақытты тиімді пайдаланып, тиісті мамандық студенттеріне кеңес сұрауға мүмкіндік бар.