Корей мәдениеті: үйлесім мен үндестік әлемі

Share on social networks

27 қазан күні «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған бейбітшілік пен келісім идеясын насихаттауға бағытталған «Маңғыстау этносферасы» мәдени-танымдық шаралар циклы басталды.

Алғашқы шара «Корей мәдениеті: үйлесім мен үндестік әлемі» атты сұхбат алаңы форматында өткізілді. 

Шараға “Чосон” корей этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Р.И.Маденова, Корей тілі орталығының директоры Сон Си Мьен, корей бірлестігінің қазіргі төрағасы Ю.Э.Айтбаева, университет оқытушылары және студенттері қатысты.

 

Шара аясында корей колөнері мен ұлттық тағамдар көрмелері ұйымдастырылды. Сұхбат алаңы барысында  кәрістердің қазақ еліне депортациялану тарихы, мәдени ерекшеліктері, жалпыұлттық бірлік пен келісім мәселелері қарастырылып,  «Чосон» этномәдени бірлестігінің қызметі туралы бейне фильм көрсетілді. 

Іс-шараға университет студенттерінің музыкалық нөмірлерімен ерекше әсер берді.