Конституция Күніне орайластырылған жиналыс

Yessenov University қабырғасында Қазақстан Республикасы Конституциясының мерекелеу қарсаңында жиналыс болып өтті. Алғашқы болып университет ректоры Берік Ахметов құттықтау сөз алып, Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуында Ата-заңымыз Конституцияның маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Республикасының Конституциясы» тақырыбында «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушылары  Алибеков Серікқали Күнтебайұлы  және Акберов Закир Махядинұлы баяндама жасады.

Жиналыс соңында университет  басшысы  оқу орнының қызметкерлеріне жаңа кадрлық тағайындаулармен таныстырып, жаңа оқу жылында университеттің барлық ұжымына сәттілік тіледі.