Иран Ислам Республикасымен ынтымақтастық

Share on social networks

Yessenov University басшылығы Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы қызметін атқарушы, Доктор Хабиболла Малакути Фар мырзамен кездесті. Кездесу барысында білім және ғылым, сонымен қатар мәдениет саласында ынтымақтастық түйіндерін анықтап, парсы тілдерді оқыту орталығын ашу және мұнай, газ саласын дамытуда наноматериалдар, нанотехнология бағытындағы көрмелер ұйымдастыру, сонымен қатар Иран Ислам Республикасының ғалымдарын Yessenov University-дің білім алушылары үшін инженерия және халықаралық қатынастар бағыты бойынша дәрістер оқу мақсатында ынтымақтастық құру жолдарын талқылады. Екі елдің арасындағы халықаралық ынтымақтастық білім және ғылым, мәдениет салаларын дамытуда өз үлесін қосады деген сенімдеміз.