23 сәуір күні Yessenov University-де халықаралық қатынастар және туризм кафедрасының ұйымдастырулуымен «Бейбіт қоғам мен серіктестікті және ғылыми интеграцияны нығайту мақсатында ынтымақтастықты дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстел гибридті режимде өтті. Бұл іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының «Академиялық Ықпал» бастамасының және БҰҰ-ның 2030 күн тәртібінің ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділеттілік және күшті институттар» және ТДМ 17 «Мақсаттар үшін серіктестік» аясында ұйымдастырылды.Аталған іс-шараны университеттің зерттеу жəне даму жөніндегі вице-президент Сейдалиев Асқар Әбиұлы ашып берді. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде Қазақстанның, ТМД-ның және басқа да шет мемлекеттердің ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтарының жетекші өкілдері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпус өкілдері, БҰҰ агенттіктерінің және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Атап айтқанда, Түркияның Ақтаудағы Бас консулы Алптекин Сабри мырза және Иранның Ақтаудағы Бас консулы Хашеми Ғоламреза мырза қатысты. БҰҰ Жаһандық коммуникациялардепартаментінің Қазақстандағы өкілі Властимил Самек мырза халықаралық бейбітшілік үшін көпжақтылық және дипломатия күнімен қатысушыларды құттықтады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің деканы PhD доктор Лейла Деловарова Феодорқызы қатысушыларды қатысушыларды құттықтап, ТДМ-на жетуде дөңгелек үстел сұхбаттарының маңызы зор екендігін атап өтті.
ТДМ бойынша сессияда ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия өкілінің орынбасары – PhD доктор Искакова Жұлдызай Амангелдіқызы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Халықаралық жасыл және Тұрақты даму институтының директоры PhD доктор Рафиз Абазов, НАРХОЗ университетінің Тұрақты даму зерттеу институтының директоры PhD доктор Брендан Дупри, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының директоры Исаева Жансая баяндамалар жасады.
Академиялық эксперттерден Есенов Университетінің халықаралық қатынастар және туризм кафедрасының профессоры проф. Татьяна Дронзина Александрқызы және доцент Медиханова Ақмарал Бақтығалиқызы Есенов университетінің региондағы дипломатиялық қарым-қатынасты дамытудағы орнының орасан зор екендігін атап өтті.
Шараның модераторы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың халықаралық қатынастар факультетінің PhD докторанты Бибіназ Алман болды.
Дөңгелек үстел Қазақстанның ТДМ жетуде жас ғалымдардың мүмкіндіктері мен перспективаларын анықтауға, дипломатиялық қатынастарды ңығайтуға, сондай-ақ Есенов университетінің жастарының көзқарасы мен болашаққа бағдарын одан әрі дамытуға ықпал етті.