Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кеш

7 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай Yessenov University-де «Бәрінен де сен сұлу» атты нәзік жандыларға арналған мерекелік кеш өтті.

ҚР Ғылым және жоғары білім Министрі Саясат Нұрбектің ардақты аруларға бейне құттықтауынан бастау алған мерекелік кеште университет қабырғасында қызмет ететін ер жігіттерден құралған топтың орындауында ән мен жырдан шашу шашылды.

Yessenov University Президенті Берік Ахметов мерекемен арнайы құттықтап, Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хатымен және Университеттің Құрмет грамотасы мен айрықша дамуына қосқан үлесі үшін YU естелік төстік белгісімен бірнеше әйелдер қауымын марапаттады.