Грант конкурсы

Share on social networks

Құрметті ТАЛАПКЕРЛЕР!

2022 жылы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 13 шілде күні басталып, 20 шілдеге дейін жалғасатынын хабарлауға асықпыз!

 

Құжаттарды қабылдау Yessenov University ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ арқылы жүзеге асырылады.

 

Шалғай аймақтарда тұратын талапкерлердің ыңғайы үшін университетте виртуалдық қабылдау комиссиясы жұмыс істеп, талапкерлерге бейне байланыс арқылы кеңес береді.

 

Конкурсқа қатысуға келесі құжаттар қажет:

– жеке куәлік;

– ҰБТ сертификаты;

– 3х4 көлеміндегі фото;

– орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом);

– № 075/у нысанындағы медициналық анықтама және № 063/у нысанындағы профилактикалық екпелер картасы;

– ер жігіттер үшін әскери тіркелу куәлігі;

– жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар.

 

Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін ғана конкурсқа ұсына алады.

 

Дұрыс таңдау жасап, грант иегері атануларыңызды тілейміз!