Мақсатты грант

Құрметті Маңғыстау облыстарының 2022 жылғы түлектері!

 

Биыл арнайы Сіздер үшін мақсатты «АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ» білім беру грантының жаңа түрі айқындалды.

Гранттың бұл түріне Атырау және Маңғыстау облыстарының 2022 жылғы түлектері ғана үміткер бола алады.

ЕСКЕРТУ: Мақсатты «Атырау-Маңғыстау» гранты шеңберінде конкурсқа қатысатын оқуға түсушілер бір мезгілде жалпы конкурсқа, оның ішінде «Серпінге» қатыса алмайды.

Мақсатты «Атырау-Маңғыстау» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер өтініш беретін кезде:

білім беру бағдарламаларының төрт тобын;

мақсатты «Атырау-Маңғыстау» гранты шеңберінде мемлекеттік тапсырыс орналастырылған білім беру бағдарламасының әрбір тобы үшін төрт түрлі өңір көрсетеді. Бұл ретте өңір қайталанбауы керек.

Үміткерге өзі таңдап алған БББТ-ның мемлекеттік тапсырысы орналастырылған өңірдегі ЖОО-ның толық тізімі беріледі.

Ұсынылған тізбеде үміткер оқуға түсуге ниет білдірген ЖОО-ға басымдық бере отырып, рет-ретімен оларды белгілейді. Бұл жағдайда жоғары оқу орындарының саны шектелмейді.

Конкурс нәтижесінде үміткерге ҰБТ балдары, артықшылықтары және таңдаған БББТ, аймағы және ЖОО бойынша мақсатты «Атырау-Маңғыстау» гранты беріледі.

Қосымша ақпарат бойынша ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына жүгінсеңіз болады.

Барлығыңызға сәттілік!