Германия Президенті мен Қазақстан Премьер-Министрі Ақтауда уақыт капсуласын салды

Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смаилов Ақтаудағы Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтының ғимаратын салу аясында уақыт капсуласын салу рәсіміне қатысты.

Жаңа оқу орны Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикада жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу және инженер-өнеркәсіпшілердің жаңа буынын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында құрылды. Ол Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің базасында жұмыс істейді.
 
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында энергетика саласындағы бірқатар ірі жобалар іске асырылуда, олардың бірі “Жасыл” сутекті өндіру зауыты болып табылады. Осыған байланысты жаңа Қазақ-Неміс институты инженерия саласындағы озық тәжірибе негізінде жергілікті жастар мен еліміздің басқа облыстарының тұрғындары арасынан сұранысқа ие техникалық мамандарды даярлайтын болады.
 
Алғашқы бакалавриат студенттерін оқыту ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады. Олар 2029 жылы уақыт капсуласын ашуы керек, онда бүгінде Әлихан Смаилов пен Фрэнк-Вальтер Штайнмайер жаңа университеттің алғашқы шығарылымына үндеу хатын қойды.