BIZ BIRGEMIZ

5 қараша күні Елбасы жобасы «BIZ BIRGEMIZ» қоғамдық қорының төрайымы Перизат Қайрат Маңғыстау облысына ресми іс-сапары барысында Yessenov University қызметімен танысты.

Аталмыш сапар барысында «BIZ BIRGEMIZ» қоғамдық қорының төрайымы университеттің даму стратегиясымен, студенттік өзін-өзі басқару қызметімен танысып, «Union» жоғары студенттік кеңес құрамымен кездесті.  

Сондай-ақ «BIZ BIRGEMIZ» қоғамдық қорының негізгі бағыты волонтерлік қызметті үйлестіру болғандықтан, “ҚХА” кафедрасы жанынан құрылған “Service Learning” орталығының жұмысы таныстырылып, орталықтың аймақтағы әлеуметтік мәселелерді шешуге ұсыныс тастаушы және азаматтық қоғам қалыптастырудағы рөліне жоғары баға берді.