2024 жылдың 5-ақпанынан Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен «Білім беру» факультеті «Педагогика» кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Егенисова Алмажай Құлжанқызының «Білім беру қызметкерлерінің психикалық денсаулығы мен эмоционалды күйреуінің алдын алу» атты курс өткізіп бастайды.
Курстың мақсаты – білім беру ұйымдары қызметкерлерінің жұмыс барысында эмоционалды интеллектісін дамыта отырып, психикалық денсаулығын, стреске тұрақтылығын, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, эмоционалды күйреуінің алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.
Курс барысында тыңдаушыларға психикалық, физикалық, рухани денсаулық ұғымдарына түсінік беріліп, қазіргі кезеңдегі психологиялық денсаулық проблемаларының орын алуы мен олардың алдын алуы бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар, курс тыңдаушылары психикалық денсаулықтың саулығын, эмоцияларды түсіну, сезімдерін сезініп, басқара алмаушылық, қарым-қатынастағы проблемалар, жұмыс барысында эмоционалды күюді жиі бастан кешіру сияқты мәселелердің жауабын табу мәселелері қарастырылды.
Эмоционалды күйіну мен кәсіби күйзеліс проблемаларын анықтау бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізіліп, педагогтерге арналған тренингтер ұйымдастырылды.