“Demo day” стартап жобалар байқауы

20 ақпан күні Yessenov University-де «Ғылым және технологиялар» факультетінің ұйымдастыруымен “Demo day” стартап жобалар байқауы өтті.

Жарысқа 16 команда қатысты, оның ішінде “Computer engineering” білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студент Капулер Дмитрий, қазіргі уақытты академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінде білім алып жатыр.

Қазылар алқасының шақырылған мүшелері ретінде Маңғыстау облысының 109 бірыңғай байланыс орталығының басшысы Нұргүл Жеткізгенова және Astana Hub IT стартаптар халықаралық технопаркінің аймақтық өкілі Әйгерім Мажтай қатысты.

Стартап жобаларды бағалау және талдау негізінде “Gylym.ai”, “Visionaid Navigator”, “RoomMate”, “Uridical AI”, “ITappit”, “Бірлік”, “Криптологтар” атты жобалар жеңімпаз ретінде анықталды.