Алтайбек Айжан Алтайбекқызы

Алтайбек Айжан Алтайбекқызы

Информатика PhD докторы, Yessenov University-дегі KUTEL жобалық тобының зерттеушісі.
Университеттің Ақпараттық Технологиялар бөлімінде 2018 жылдан бастап жұмыс істейді.
Университетте ақпараттық жүйелерді жобалау, талдау және дамыту жұмыстарымен айналысады.

Білімі: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, механика-математика факультеті
– 2004 ж. – Бизнестегі ақпараттық жүйелер бакалавры, математик
– 2006 ж. – Ақпараттық жүйелер магистрі
– 2009 ж. – Информатика PhD докторы
Әр түрлі мекемедерде 15 жылдан астам тәжірибесі бар, оның ішінде 4 жыл IITU ассистент-профессоры, 5 жыл АҚ «Qazkom» бас маманы және әртүрлі жылдарда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы.
Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін ҚазҰУ құрметті медалімен, сондай-ақ екі ірі банктің (БТА және Казком) бірігудегі маңызды жұмысы үшін «Казком банкінің ең үздік 50 қызметкері» дипломымен марапатталған.
Бұған дейін Academica халықаралық жобасына қатысқан, сонымен бірге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы инновациялық зертханасының жетекшісі болған.
Ақпараттық жүйелер және информатика саласындағы 14 басылымдардың авторы.