Академиялық ұтқырлық АМТУ-де

Ресей мен Қазақстан арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында, Yessenov University профессорлық оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Бизнес және құқық» факультетінің оқытушылары Дуйсова А.М., Досмамбетова Ф.К., Кизимбаева А.Б. және Нигметова Г.Ж. Астрахань мемлекеттік техникалық университетінде (Ресей) болып, Астрахан мемлекеттік техникалық университетінің АМТУ 25 жылдығына арналған 63-ші халықаралық ғылым конференциясына қатысты. Сыртқы академиялық ұтқырлық оқытушылардың ғылыми және білім саласында халықаралық тәжірибе жинақтауына, жаңа кәсіби білім мен тәжірибелік дағдыларды игеруіне, сондай-ақ әріптестермен қарым-қатынас орнатып, мәдениетаралық ортада оқытуына ықпал етті.