” Адалдық пен əділдік – əр адамның асыл қасиеті! “

11.11.2022 жылы білім ордамызда «Саналы ұрпақ» клубы аясында ұйымдастырылған ” Адалдық пен əділдік – əр адамның асыл қасиеті! ” атты кездесу өтті. Кездесуге “Жаңару” сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысы” республикалық ұйымының Маңғыстау облысы филиалының директор орынбасары, Ақтау қаласының Қоғамдық кеңестің мүшесі, журналист Аллаберген Əзірбайжанұлы Қонарбаев қатысты. Бір сағатқа созылған кездесуде адалдық пен əділдік, рухани адамгершілік мəдени құндылықтар турасында əңгіме қозғалды. Білім алушы жастарға тұлға ретінде қалыптасу кезеңінде адалдық пен әділдік атты қасиеттердің маңыздылығы тілге тиек етілді.Жиын соңында Аллаберген Қонарбаевқа студенттер өздерінің сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.