1 сәуір күні «Туризм және тілдер» факультетінің ұйымдастыруымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Депаптаменті және Yessenov University 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Маңғыстау – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің үйлестірушісі Арайлым Шамшадинова университет студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында Арайлым Шамшадинова студенттерге арнаған баяндамасымен бөлісіп, сұрақтарға тұщымды жауап берді.